Рус

Жаңалықтар

Компания жұмысшылары тренажер-конвинсерді сынап көрді.

Тренажер жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізуші мен жолаушының өмірін, денсаулығын сақтауда үлкен үлесі бар қауіпсіздік белдігін тағудың маңызын көрсетеді.
 
Бұл қауіпсіздік белдіктері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тапсырысы бойынша, нақтырақ айтсақ компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздіктің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасы, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хаттамасы аясында әзірленген.

– Бүгін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша жобаның таныстырылымы сәтті өтті деп есептеймін. Мұнда жұмысшыларды жүргізуші орындығына отырғызып, белдікпен бекітіп, төмен жылдамдықпен кедергіге соққы берді. Сынаққа қатысушылар қауіпсіздік белдігін тағып жүрудің пайдасы мен ауыр жарақат алу қаупінің алдын алатынын түсінгенін жеткізді, – дейді Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жетекші инженері Жексенбай Қойлыбаев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы