Рус

Жаңалықтар

Комплаенс қызметі тобы Қоғамға қарасты Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының қызметіне ішкі талдау жүргізді.

Ішкі талдау бас директор бұйрығы негізінде 20 мамыр - 2 шілде аралығында жүзеге асырылып, нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша ұсынымдар әзірленді.

2024 жылы 25 маусымда басқарманың еңбек ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңнамасының талаптары, Қоғамның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» ішкі құжаты, жедел желі жұмысы түсіндіріліп, кез келген орын алған заң бұзушылыққа бей-жай қарамау, немқұрайдық танытпау қажеттігі жөнінде дәріс өткізілді.

Комплаенс қызметі тобының мамандарының айтуынша, Қоғамға қарасты басқармалардың қызметіне түсіндіру жұмысын жүргізу жалғасатын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы