Өзенэнергомұнай басқармасының №2 өндірістік энергетикалық қызметінің №3 жүйе ауданы мамандарына арналып 20 орынды тұрмыстық-шаруашылық кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді.
Аталмыш нысанның тұсаукесер рәсіміне әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров, Күрделі құрылыс департаменті директоры Бисен Ратов, басқарма диоректоры Қуандық Еділов, кәсіподақ төрағасы Мереке Қонарбаевтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Қарапайым жұмыскерге еңбек етуге қолайлы жағдай жасау – компания үшін негізгі міндет болып табылады. Бүгінде дәл осындай ыңғайлы да жайлы тұрмыстық-шаруашылық кешендер саны 60-қа жақындады. Заманауи нысанның ашылып, еңбек ұжымының көз қуанышына айналуын алып кен орынның өсіп-өркендеу жолына жасаған тағы бір қадамы деп түсінгеніміз абзал, – деді Бауыржан Жұбаназаров.
Шара барысында мердігер «Макс-КМ» ЖШС өкілі Әділбек Даукескенов басқарма директорына нысанның символикалық кілтін табыстады.
Ал лентасын №2 өндірістік энергетикалық қызметінің жетекшісі Арыстанбек Жомартұлы мен 5-дәрежелі электромонтер Биткенбай Ыстыбаев қиды.