Сенбілікке 300-ге жуық мұнайшы қатысып, өндірістік аймақ пен мекеме аумағын қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеп, арам шөптерден тазартып, отырғыштарды сырлады.
Экоакция шеңберінде өткен шара мұнайшылар арасындағы ішкі коммуникацияны дамытып, өзара ынтымақты нығайта түсті.
– Жер – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз, – дейді қатысушылар.