«Кендірлі» жағалауында орналасқан 10 күндік медициналық сауықтыру орталығында демалып, денсаулығын нығайтып жатқан өзенмұнайгаздықтар мен олардың отбасы мүшелеріне «Нейрон-Мед» ЖШС сапалы қызмет көрсетіп жатыр.
Осында демалып жатқан 90 жастағы Бектұрған Әбілқасовқа «Өзенмұнайгазда» жұмыс істейтін баласы жолдама әперген екен. Еміне де, тамағына да, қызметкерлеріне де дән риза ақсақал ел азаматтарына сансыз алғысын білдірді.
–Орталықта біршама емдік шара түрі бар. Массаж, сүлік, балшық, парафин, магнит, тұз шахтасы, ингаляция, буланған бөшкіге түсу болып жалғасып кете береді. Ең бастысы, ми тыныш. Негатив аз. Йод ауаның пайдасы өз алдына. Біз үшін әр демалушының денсаулығы маңызды, – деді аға медбике Әлия Сүйінбаева.