Рус

Жаңалықтар

«Ақбөбек» балалар лагері

Бүгінде «Ақбөбек» балалар лагерінде мұнайшының 300 баласы демалып, йод ауа жұтып, денсаулығын нығайтып, шынығып жатыр. Мұнда әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына толық жағдай жасалған.
 Лагерьдегі баланың бос уақытын тиімді пайдаланып, интеллектуал деңгейі мен шығармашыл қабілетін дамытатын ондаған үйірменің қалағанына қатысып, өзі ұнатқан спорт түрімен алаңсыз айналысады.
 – Бала телефоннан тик-ток көруге құмар. Біз оларды виртуал әлемнен шығарамыз. Туындаған кез келген мәселені ойын арқылы шешуге үйретеміз. Құм терапиясы үйірмесі ашылды. Ересек топ балаларына тұлғалық даму тақырыбында тренинг өткізілді. Лагерь – балаға еркін өмір сүріп, еркін тыныстауға мүмкіндік беретін бірден бір орын, – деді лагерь директоры Юсуп Қонақбайұлы.
Биыл «Ақбұлақ», «Айналайын» (Алматы), «Еркемай» (Астана) лагерлерінде 5 мыңға жуық мұнайшы баласы демалып, күш алып қайтады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы