«Өзенмұнайгаз» АҚ-на «Ембімұнайгаз» АҚ қарасты еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері тәжірибе алмасуға келді.
Екі күнге созылған шарада қызметкерлер кезектен тыс нұсқаулықтан өтіп, арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес тәжірибеден өтті.
Алғашқы күні «Өзенмұнайгаз» АҚ тарихымен танысып, №3 Мұнай және газ өндіру басқармасының №1 скважинасын, №16 топтық қондырғысын және №2 шоғырланған сораптар стансысын аралады. Әрі қарай, №1, 3 Мұнай және газ өндіру басқармаларына қарасты медициналық пунктпен («Медикер – ПМ» ЖШС) танысты.
Сонымен қатар, №1 Мұнай және газ өндіру басқармасына қарасты Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностикалау цехының жұмыстары таныстырылып, Корпоративтік оқу орталығында, Мұнайды дайындау және өндіріске қызмет көрсету, «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-нің өрт сөндіру бөлімімен және мұнайшыларға арналған Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде болды.
Іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша Қоғамның ЕҚжӨҚД және ҚОҚжРҚ департамент қызметкерлерімен бірлескен жиын өтті. Жиында қызметкерлер еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі және т.б. жұмыстар бойынша ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Айта кетейік, бұл тәжірибе алмасу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2024-2027 жылдарға бекітілген «ҚМГ компаниялар тобының өндірістік қауіпсіздігінің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту бойынша Жол картасы» негізінде ұйымдастырылды.