«Өзенмұнайгаз» АҚ Комплаенс қызметі тобының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілдері шақыртылып, қоғам ғимаратында компания басшылық құрамымен кездесті.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Батырханұлы Кенжетаев, бас маман Нұргүл Тұрлыбайқызы Мұқатай қоғам жұмыскерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізді.
Сонымен қатар қоғам жұмыскерлеріне мемлекет тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қолданыстағы ҚР Заңына енгізілген және алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.
Департамент өкілдерімен сыбайлас жемқорлық үшін қолданыстағы Заңнамада көзделген жауапкершіліктің қатаңдығы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпарат беру жолдары (1424 call орталығы) туралы құлақтандырылды.
Комплаенс қызметі тобы жетекшісі Ақтан Оразов қатысушыларға қоғам бойынша қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы мәлімет беріп, қоғамда сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және өзге де Заңнама бұзушылықтарын хабарлау жедел желісі қызметінің жұмыс жасайтынын атап өтті.
Жиын соңында қатысушылардың өзекті сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.