Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаздың» акт залында «Үздік маман-2024» кәсіби шеберлік байқауының ІІ тур жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты шараға бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Өсербай Тұрсабеков, транспорт жөніндегі басқарушы директор Нұрбек Союнов, әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров, «Жаңаөзен мұнайшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ төрағасы Серік Бекбергеновтер қатысып, жүзден жүйрік шыққан үздіктерге алғыс білдірді.
 Кәсіби қабілетті шыңдайтын байқау теория мен практикадан өзара сайысқа түскен қатысушылардың білім көрсеткіші мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тапсырмаларды орындау жылдамдығы деңгейін көрсетті.
 Жеңімпаздарға Дипломдар табысталды. Олардың құрметіне қала өнерпаздары әннен шашу шашып, мереке көрігін арттыра түсті.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы