Сонау алпысыншы жылдары бұрғылау шебері Михайл Кулебякин бригадасының құрамында Өзен кен орнындағы №1 скважинаны қазуға қатысқан және мұнай бұрқағын атқызған бұрғышылар қатарында Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Болатбай Қарамұрзаев та болды.
Ол кезде Болатбай ата небары жиырма жаста болатын.
Өзен кен орнын толықтай игеруге қатысқан мұнайшы “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі” жоғары мемлекеттік наградамен марапатталған.
Өзен кен орнын игеруде 45 жылдың үстінде адал еңбек еткен атамыздың жолын бүгінде ұл-қыздары, шәкірттері жалғастырып келеді.
Қазыналы түбекті түлетуге ат салысқан Болатбай ақсақал есімі Өзен мұнайы тарихында алтын әріппен жазылуға лайық.
Еңбек жолы кейінгі буынға үлгі майталман мұнайшының ел экономикасының дамуына қосқан еңбегі шексіз.