Рус

Жаңалықтар

Жаңаөзенде «Таза Қазақстан» акциясы

Жаңаөзенде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту бағытында «Өзенмұнайгаз» жұмыскерлерінің ат салысуымен қалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қоғамға қарасты басқармалардан жалпы саны 140 мұнайшы және 10 арнайы техника жұмылдырылды.
Шараға қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, «Өзенмұнайгаздың» әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Жұбаназаров, қалалық мәслихат хатшысы Ғалым Байжанов қатысып, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетов тазалық шарасына белсенді қатысқан ұжымға алғысын білдірді.
Мұнайшылар өздеріне тиесілі Ауған соғысы ардагерлерінің саябағы мен «Энергетик» спорт кешенінің аумағын қоқыстан тазартып, ретке келтірді. 
Тал түптерін әктеп, қисық бұтақтарды кесіп, шыбықтар отырғызды. Орындықтар мен шарбақтарды сырлады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы