Рус

Жаңалықтар

Шілде айының қорытынды-есеп жиыны

Шілде айының қорытынды-есеп жиынына бас директор Жанболат Саймағанбетов, бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахманов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Өсербай Тұрсабеков, департамент директорлары, өндірістік-құрылымдық басқарма директорлары, еншілес мекемелер мен сервистік компания басшылары қатысты.
Мұнай және газ өндіру департаментінің жетекші инженері Абдулла Жанқасымов шілде айына мұнай өндірудің жоспары 448 570 тоннаға бекітілгенін, нақты 438 260 тонна мұнай өндіріліп, - 10 310 тоннаға кем өндірілгенін айтты.
Жиын барысында шілде айы бойынша өндірістік, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер қорытындыланды.
Басшылық тарапынан жауапты тұлғаларға аталған көрсеткіштерді жақсарта отырып, алдағы айларға бекітілген жоспарды орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы