Комплаенс қызметі тобы Химияландыру және экология басқармасы қызметіне ішкі талдау жүргізді.
Бұл шара бас директордың бұйрығы негізінде 19 шілде мен 2 қыркүйек аралығында өткізіліп, нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша басқарманың инженерлік-техникалық қызметкерлеріне тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа бастайтын құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында іс-шара жоспары әзірленіп, басқармаға жолданып, уақытылы орындалуы талап етілді.
5 қыркүйекте басқарманың еңбек ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңнамасының талаптары, жедел желі жұмысы түсіндіріліп, кез-келген орын алған заң бұзушылыққа бей-жай қарамау, немқұрайдық танытпау қажеттігі жөнінде дәріс өткізілді.
Алдағы уақытта, Комплаенс қызметі тобы өзге басқармалардың қызметіне ішкі талдау жүргізетін болады.