№1 МГӨБ-ке қарасты №2 Мұнай газ өндіру кәсіпшілігі еңбек ұжымы аула, жабынды салып, жол төсеп, алма, жүзім, алмұрт, шие, өрік, қияр, қызанақ өсіріп, жеп алыпты.
– Көкөніс өсіру – біздің ұжымның хоббиі. Психологтердің айтуынша, адам өзі үшін маңызды, қызықты іспен айналысуы тиіс. Әйтпесе адам психикасында депрессия, апатия басталып кету қаупі бар. Расында да кеңсеміздің жанындағы бақ, қарабайыр тірлікке өң берді. Қолы қалт еткенде мұнайшылар арам шөпті жұлып, су құйып, тыңайтқыш салып дегендей бақша жұмысымен айналысады. Бұл істі сүйіспеншілікпен атқарғанымыз сонша, биыл жазда жеміс-жидек жеп, мәз боп қалдық, – дейді цех басшысы Бегеніш Орынбасарұлы.
Қазақтың «ынта болса, адамда, қиын іс жоқ ғаламда» дегені осы!