Рус

Жаңалықтар

Отан қорғаушылар мерекесінде ардагер жауынгерлерге құрмет көрсетілді.

Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында ауған, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен Таулы Қарабақ қақтығысына қатысқан жауынгерлер, сондай-ақ Чернобыль және Семей полигоны апаттарының зардабын жоюға ат салысқан азаматтар болды.

Шара барысында әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров пен БЖБ директоры Ықылас Меңдібай ардагерлерге алғыс айтып, жүрекжарды тілегін жеткізді.

– Өмір мен өлім арасындағы сын сәтте батырлық танытқан сіздердің ерліктеріңіз – ұрпаққа үлгі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ел намысын қорғаған жаужүрек жандарға тағзым етеміз, – деді Бауыржан Байғабылұлы.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың патриоттық рухтағы концерттік бағдарламасына ұласты

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы