Рус

Жаңалықтар

Ұлы Жеңістке 80 жыл

№2 МГӨБ бастауыш партия ұйымы тыл ардагерлері Сүгір Балғабайұлы мен Зинел Бөлтековтің шаңырағына барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай құтты болсын айтты.

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен шараға қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев бастаған бір топ азамат пен аталмыш бастауыш партия ұйымы төрағасы Мереке Құлбеков, орынбасары Жұлдыз Мұханбетқалиқызы, хатшысы Әбілқайыр Рамазанов қатысты.

– Бүгінгі бейбіт замандағы бақытты өміріміз үшін басын бәйгеге тіккен ата-әжелеріміздің ерлігіне басымыз жерге тигенше иіп тұрып, тағзым етеміз. Соғыс тарих бетіне көшкенімен, көңілден кетіп, жүректен өше қойған жоқ. Ерлік ұмытылмайды, – деді Мереке Зейноллаұлы.

Жастайынан ауыр еңбекке араласып, жеңісті күнді жақындатқан тыл ардагерлеріне алғыс айтылып, «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Ақсақалдар ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігін тіледі.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы