Бас директор Жанболат Саймағанбетов Грузия елінде спорттың волейболды отырып ойнау түрінен оқу-жаттығудан өткен «Алға» спорт клубының төрағасы Құралбек Сейітовті қабылдады.
Төраға қаржылай қолдау көрсеткен компания басшылығына, «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бекқали Уақбаев пен ӨТҚжЖЖБ кәсіподақ төрайымы Құрмагүл Тұрсынәлиеваға команда атынан алғыс айтты.
– Сіздердің ісіңіз 12 мүшесі сау бола тұра, спортпен айналысуға мойны жар бермей жүрген кейбір жігіттерге үлгі. Көп рахмет. Қазақтың көк туының желбіреуі – бізге қуат береді, – деді бас директор.
Басқосуда гүржі командасының бас бапкері берген естелік сыйы бас директорға салтанатты түрде тапсырылды.