«Таза Қазақстан» акциясы аясында 11 қазан Ұлттық ағаш егу күні болып белгіленді. Осыған байланысты Күрделі құрылыс департаменті ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып қала кіреберісіндегі Жаңаөзен стелласының жанына шырша, қарағаш және жеміс ағаштарынан тұратын ұзынырғасы 50 шақты көшет екті.
–Бірлесе жұмыс атқару – татулықты нығайтып, қарым-қатынасты жақсарта түседі екен. Еккен талдарымыздың түбін әктеп, айналасын қоқыстан тазартып қойдық. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» демекші, бір сәт өндірістен қол үзіп, қоғам жұмысына араласқанымызға қуанып тұрмыз, – дейді департамент мамандары.
Көпке үлгі, көңілге ыстық жарқын істің жаршысы болған әріптестерімізге көп рахмет!