Рус

Жаңалықтар

Ақтау қаласындағы өкілдік ғимаратында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен ESP Welltech Services Fzso компаниясының өкілдері кездесті.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен өткен жиында Өзен және Қарамандыбас кен орындарының мұнай өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі қорытындыланды. Сонымен қатар геологиялық-техникалық іс-шаралар бағдарламасын (ГТМ) жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында тараптар жаңа технологияларды енгізу, ғылыми-өндірістік тәжірибе алмасу және кен орындарындағы өзекті өндірістік мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастырды.

Алдағы уақытта зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, кен орындарының операциялық тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы