«Өзен» мұнай кәсіпшілігі басқармасының бас энергетигі Нұрлыхан Бекбосыновтың жетекшілігімен 1969-1973 жылдары Өзен кен орнын энергиямен қамту қарқынды жүргізілді. Электр қондырғыларына қызмет көрсету цехы ашылып, цех басшысы лауазымына Тілектес Жұмаев тағайындалды.
Уақыт өте келе кен орын аумағының үлкеюі цехқа артылатын жұмыс көлемінің ұлғаюына әкелді. Скважина саны артып, жер асты қабатына ыстық су айдау технологиясы енгізілді. Өндірістегі процестер орасан зор электр қуатын қажет етті.
1980 жылы 6 қараша күні «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігі шешімі негізінде Өзенэнергиямұнай басқармасы құрылып, Дәрмен Бекімов директор болды.
532 адамы бар басқарма Өзен және Қарамандыбас кен орындарын энергия көзімен толық қамтып отыр.
Басқарма құрамында №1,2,3 Өндірістік –энергетикалық қызметі және Өндірістік-энергетикалық қосалқы станцылар қызметі деген төрт бөлімше бар