Өзенэнергиямұнай басқармасы еңбек ұжымы шарапатты іс ұйымдастырып, мекеменің 45 жылдық мерейтойы аясында жалғызбасты, науқас қызы бар Жанар Таубаеваға баспана тарту етті.
Пәтерден-пәтерге көшіп, бір үйге зар болып жүрген ана мен балаға «Самал» шағынауданынан 1 бөлмелі пәтер алып берді.
Мұқтаж жанға қол ұшын берген әріптестерімізге көп рахмет айтамыз.