Рус

Жаңалықтар

Бас ғимараттың акт залында деструктив діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жиыны өтті.

Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, халықаралық деңгейдегі сарапшы, психолог Гүлназ Мақсотқызы теріс ағымдардың, бүлдіргі күштердің адам психологиясына әсер ету тектіктеріне тоқталып, радикал идеология белгілері мен жалған ақпаратты тану бойынша жан-жақты ақпарат берді.

«Кез келген жалған ағым өкілдері эмоцияға әсер ету арқылы өздерін көбіне ақиқат жолындағы тұлға ретінде көрсетіп, уәжбен адастыруға, сананы басқаруға тырысады, сондықтан ақпаратты сүзгіден өткізу маңызды» деді сарапшы.

Спикер елімізде тыйым салынған ұйымдарды атап, олардың іс-әрекеттерінен мысал келтірді. Күдік тудыратын сайт, парақшалардан аулақ болуға, кез келген сілтемеге өтпеуге, оны таратпауға шақырды.

Шарада бүлдіргіш күштердің қауіпті әрекеттерін ашатын бейнематериалдар көрсетілді.

Мұндай кездесулер қатысушылардың танымын кеңейтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы