Рус

Жаңалықтар

ӨЭМБ жұмыскерлеріне озық үлгідегі нысан берілді

Өзенэнергиямұнай басқармасындағы №5 Өндірістік энергетикалық цехы жұмыскерлеріне озық үлгідегі 14 адамға шақталған тұрмыстық-шаруашылық кешен пайдалануға берілді.
ТШК-нің ашылу салтанатына ардагер мұнайшы Базарғали Шілтенов, Әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры Мұхамбет Суитов, Күрделі құрылыс департаменті директоры Бисен Ратов, басқарма директоры Нұрлан Балтаев, бас энергетик Қуандық Еділовтер қатысып, әріптестеріне құтты болсын айтты.
–Өзен кен орнын қысы-жазы электр энергиясымен қамтып энергетиктердің еңбегін біз жоғары бағалаймыз. 
Еңбек адамына жағдай жасау – біздің тікелей міндетіміз. Жаңа нысан құтты болсын. Ел игілігі үшін еткен еңбегіңіз еселі болғай, – деді Күрделі құрылыс департаменті директоры Бисен Ратов.
«Нұржолқұрылыс» мердігер мекемесінің өкілі цех басшысы Азамат Іздібаевқа символ кілтін тапсырды. Ардагер мұнайшы Базарғали Шілтенов пен №3 Өндірістік энергетикалық қызмет жетекшісі Түрікменбай Қасмағамбетов нысан таспасын қиды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы