Құрамында 7-8 ойыншысы бар 16 команда қатысқан басқармааралық «Ой дода» зияткерлер сайысы өтті.
Бас директордың еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары Болат Аманбаев бастамасымен өткен ойын танымгерлерге жақсы әсер сыйлады.
–Сайыс ойыншының ойлау қабілетін шыңдайды. Ми қозғалысқа түсіп, түйсік пен қисын іске қосылады. Жеңіске деген ұмтылыс жұмыскерлердің ауызбіршілігін нығайтады, – деді Болат Жанатұлы.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, тапқырлығы мен мықтылығы арқасында көп ұпай жинаған ӨЭМБ командасы бас жүлдеге ие болды. Топ үштікке енген №3 МГӨБ, КОО, №1 МГӨБ командалары жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздарға сертификат берілді.