29 наурыз 2019 жылы сағат 09.25 №1 Мұнай-газ өндіру басқармасы №4 тораптық шоғырланған сораптар станциясының өндірістік аумағында Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты ілеспе құбырында тоспа орнатуға өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт пайда болып, нәтижесінде №2 скважиналарға қызмет көрсету басқармасының жөндеу жұмыстарына арналған АСР арнайы техникасы өртке шалынды. Өрт «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС-нің күшімен сөндірілді. Жану аумағы шамамен 10 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. АСР арнайы техникасы қалпына келтіруге жатады. Өрт себептерін анықтау мақсатында қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.