Рус

Жаңалықтар

Өзен кәсіпшілігінің тұңғыш басшысы, елге адал қызмет еткен Рахмет Өтесінұлының 99 жылдығы қала көлемінде аталып өтті.


Асыл жары Сақыш Қарабалина, көзкөргендер, шәкірттері мен ізбасарлары түгел жиналып, асыл азаматтың рухына құран бағыштап, бюсіне гүл шоғын қойды.

Бұдан кейін қонақтар қаламыздағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген №25 орта білім ұясына бас сұғып, жас ұстаздармен кездесті.

– Өздеріңізге жақсы мәлім, отағасым Өзен қаласының өндіріс қадасын қақты. Мен тұңғыш мектептің қадасын қағып, Өзен қаласындағы бірінші мектептің тұңғыш директоры болдым. Сондықтан болар, Өзен десе бүйрегіміз бұрып, құлағымыз елеңдеп отырады. Бүгінгідей ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда озық мемлекет қатарына қосылу үшін жастарымыз білімді болмағы шарт. Оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беретін әрбіріңіз ұлт алдында жауаптысыз, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Сақыш Қабдырахманқызы.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы