Рус

Жаңалықтар

ӨРКЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ

Конституция – тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, қоғам дамуының негізгі құндылықтары мен стратегиялық бағдарларын айқындайтын іргелі құжат. Ата заңның жаңартылған тұжырымдамалық мазмұны ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарын айқындауға бағытталған.
Жаңартылған Конституцияның преамбуласында мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және адами капиталды дамытудың негізгі факторлары ретінде белгіленген. Сонымен қатар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жалпыұлттық құндылықтар қатарына енгізілген.
Аталған қағидаттар мұнай газ саласы үшін ерекше мәнге ие, өйткені бұл сала – экономиканың стратегиялық секторы, өндірістік тиімділікпен қатар экологиялық қауіпсіздік, технологиялық жаңғыру және адами ресурстарды дамыту талаптарымен тығыз байланысты. Саланың тұрақты дамуы еңбек ресурстарының сапасына, заманауи білім мен инновациялық шешімдерді енгізуге тікелей тәуелді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы