Конституцияда бекітілген құндылықтар мен стратегиялық бағдарлар мұнай-газ саласын қоса алғанда, экономиканың барлық секторы үшін тұрақты дамуға негізделген құқықтық негіз қалыптастырады. Технологиялық жаңғыру және экологиялық жауапкершілік қағидаттары саланың ұзақмерзімді тиімділігін арттырып, өндірістік қызметті жетілдіреді, ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Бас директор Жанболат Саймағанбетовтің төрағалығымен қаңтар айының есеп беру жиыны өтті. Басқосуға бас директордың орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары қатысты.
Отырыста мұнай өндіру көрсеткіштері, қаржылық жағдай жан-жақты талқыланды. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті директоры Максим Күшбаев баяндама оқып, жуырда №4 МГӨБ-те орын алған жазатайым оқиға туралы есеп берді.
Мұнай және газ өндіру департаменті бөлімінің басшысы Әсет Қыдырғалиев қаңтар айына бекітілген жоспардың 444 895 тонна құрайтынын, нақты өндірілген мұнай көлемі 427 620 тоннаға жетіп, жоспар 17 275 тоннаға кем орындалғанын жеткізді.
Компания басшысы – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, мұнай жоспарын орындау – әр мұнайшы міндеті екеніне тоқталып өтті.
Көтерілген ұсыныстар мен түйткілді мәселелер бойынша Жанболат Амангелдіұлы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.