– Біз үшін әр мұнайшы қымбат. Әрбіріңізге қолайлы жағдай жасау – компания басшылығының міндеті. Жаңа нысан құтты болсын. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, ел игілігі үшін жемісті еңбек ете берейік, – деді бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Қанағат Мыңтұрғанов.
Қатты суыққа да, шыжыған ыстыққа да төзіп, бар күш-жігерін мұнай саласын дамытуға сарп етіп жүрген әріптестеріміз өздеріне жайлы жағдай жасаған компания басшылығына шексіз алғысын білдірді.
«Строй К» мердігер компаниясының өкілі Нұрсұлтан Сатқанов ғимараттың символдық кілтін аталған топтық қондырғы шеберлері Саябек Таңбаев пен Мұса Ешпановқа салтанатты түрде тапсырды.
Қарапайым еңбек адамының өмірі мен қауіпсіздігін бәрінен маңызды санайтын компанияның келешегі жарық әрі жарқын болмақ!