Халықаралық аспаз күніне орай өткен шараға компания атынан әлеуметтік сұрақтар жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров қатысты.
Ол мұнайшыға құнарлы тамақ пісіріп жүрген «KMG EP-Catering» ЖШС-інің ұжымына бас директор Жанболат Саймағанбетовтің атынан рахмет айтып, қазақы нақыштағы өнер туындысын тарту етті.
– «Ас адамның арқауы» демекші, күні-түні ауыр жұмыста жүрген мұнайшыға адал әрі сіңімді ас беріп жүрген Сіздерге ризамын. Мереке құтты болсын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, кәсібіңізге шабыт тілеймін, – деді Бауыржан Байғабылұлы.
«KMG-Catering» ЖШС-інің экономисі Айгүл Акулова, аспаздар Тойдық Аманжан, Гүлзира Шалабаева, Дариға Усманова, Гүлсім Тілеуова, наубайшы Айнагүл Әбдешова, технолог Балжан Сырлыбаева, қойма меңгерушісі Алтынбек Жанетов, Гүлжан Мыңжанова, қоймашы Қадиша Аманғалиева мен жүк тасымалдаушы Жалғас Тұмышевтер «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы бас директорының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.