Рус

Баспасөз хабарламалары

Коммуникация мәселесі талқыланды

[09:31, 30.09.2021] Бибігүл Умг Дсо: «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік ғимарат мәжіліс залында сервистік қызмет көрсететін мекемелер директорлары қатысқан жиналыс болып өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мамандары қатысқан шараның негізгі мақсаты-биылғы жылы орын алған жұмыс беруші мен  жұмысшы арасындағы  еңбек дауының себебін талдап, алдағы уақытта келеңсіз жағдайды болдырмау болып табылады.

Жиналыста сөз алған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік өзара ықпалдастық және және коммуникация орталығы  бас директоры Өмірзақ Елдос аталған мәселе туралы өз ойын ортаға салды. 

«Әрбір мекеме басшысы үшін еңбек ұжымы бірлігі мен тыныштығы маңызды. Басшы мен қарапайым жұмыскер қарым-қатынасы әрқашан бірінші орында тұруы тиіс. Кез келген ұжымда корпоративті ынтымақ, ықпалдастық, бірлік идеясы ең басты аспект болу керек. Жапонның ежелгі Ата заңында «адамның  артықшылығы-қайшылықты болдырмауы» деп жазылған... Еңбек ұжымындағы қал-жағдайды көзбен көріп, халықпен бетпе-бет кездескеннен басшы беделі артпаса, кемімейді. Өзара түсінісіп жұмыс істеу үшін басшының да қосшының да оқуына мүмкіндік жасау қажет. Мақсат ортақ, ел ортақ, мүдде ортақ. Сондықтан бізге эмоциядан гөрі сабырлы, салиқалы әңгіме, мәміле керек»-деді бас директор Есен Өтеев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы