Рус

“Балақай” оңалту орталығы

Үш жасар Айша Амандықтың тұсауы кесілді

Мұнайшылардың қолдауымен жұмыс жасап жатқан «Балақай» оңалту орталығында үш жасар Айша Амандықтың тұсауы кесілді.

Бүлдіршіннің тәй-тәй басқан қуанышына «Жаңаөзен мұнайшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Серік Бекбергенов пен мүшелері қатысты. МӨҚжТКЖБ кәсіподағы Болат Бегімбетов «Қызымыз Айша ата-анасының алдында көз қуанышы болып жүре берсін. Дені сау, жүзі жарқын, бауырмал азамат болып өссін, молшылықта ғұмыр кешсін», – деген тілегін жеткізіп, өзіне тапсырылған тұсаукесер рәсімін орындады. Кәсіподақ атынан балапанға ойыншық мотоцикл мен қуыршақ тарту етілді.

– Дәрігерлер мен игі іске қаржылай қолдау танытып жатқан мұнайшы қауымына алғысым шексіз. Қызым туабітті катарактамен дүниеге келді. Кейін балалар сал ауруы атоникалық түрі анықталды. 2022 жылдың аяғында орталыққа алғаш рет келіп, ем алдық. Осыдан бір айға жетпейтін уақытта аяққа тұрып, қадам басып, өзі тұрып, жүре алатын жағдайға жетті. Ем алуды жалғастырамыз, – деді анасы Үміт Ізбасова.

Айшаның жүрер жолы ұзын, көрер қызығы мол болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы