Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақай» оңалту орталығында 42,43-баланың тұсауы кесілді.

Шараға «МұнайФилдСервис» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Темірлан Станбаев, кәсіподақ төрағалары Қайрат Жомартов пен Бағдат Құдайбергенов қатысып, компания атынан «Балақай» оңалту орталығына 1 млн теңгелік сертификат табыстады.
 
– Сауапты іс жасап, балапандардың болашағына үміт отын жағып, ата-аналардың уайымын азайтып жүрген орталық мамандарына шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздерге Алланың нұр жаусын. Ата-анаға бауыр еті баласының дертке шалдығуын көргеннен артық ауыртпалық жоқ екенін мен жақсы түсінемін. Себебі бұл жағдай басымнан өтті, – деді Қайрат Жомартов.
 
Екі жарым жасында аяққа тұрған Айдын, Айқын есімді егіздердің тұсау кесу рәсімін аталмыш мекеме өкілдері орындап, балапандардың басқан қадамына құт тіледі, велосипед сыйға тартты.
 
Қос балақайға психомоторлық дамудың кешігуі диагнозы қойылған. Екі жылдық емнен кейін оң өзгеріс байқалып, өзі тұрып, жүре алатын нәтижеге жетіп отыр.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы