Рус

“Балақай” оңалту орталығы

Даун синдромына шалдыққан Аяла Айбекқызы желтоқсан айынан бастап «Балақай» оңалту орталығы мамандарының бақылауында болып, қажетті ем-шаралар кешенін уақытылы алып отырды.

Емдеу оң нәтижесін беріп, компания басшысы Жанболат Саймағанбетов 2 жасқа таяп қалған Аяла қызымыздың тұсауын кесіп, ақ тілегін жеткізді.

– Әр түрлі кеселге тап болған балаларымыз бақытты ғұмыр кешсе деп қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан орталық қызметкерлеріне көптен-көп рахмет айтамын. Тәй-тәй басып аяғына тұрған балапанымыздың жүрер жолы ұзын, ғұмыры ұзақ болғай. Болашағы жақсылыққа, қызыққа толы болсын, – деді Жанболат Амангелдіұлы.

Үлкеннен қамқорлық көрген баланың мейірімді болып өсері сөзсіз. Қанатымен су сеуіп, орталыққа қаржылай көмектесіп жүрген «Өзенмұнайгаз» мұнайшыларына мың алғыс.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы