Рус

“Балақай” оңалту орталығы

Балақайға 3 жыл

«Өзенмұнайгаз» АҚ бастамасымен 2021 жылы наурызда ашылған «Балақай» оңалту орталығында жылына 500-ге жуық бала ем алады.
 
Мұнайшылар жалақысынан ай сайын ерікті түрде көңілінен шыққан қаражат аударып, сауапты іске ат салысып келеді.
 
«Балақайға» 2023 жылы «Мұнайшы қамқоры» қоғамдық қоры арқылы 60 миллион теңге көлемінде ерікті аударым жасалса, медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 4 миллион 446 мың теңге аударылды. Бұл қаражат орталық маманының жалақысы, біліктілікті арттыру курсы, тиісті құралдар мен жабдықтарды, өзге шығындарды өтеуге жұмсалды.
 
2024 жылы ерікті түрде жиналатын қаржы сомасы артып, орталық мамандарының жалақысы салықтарды есептемегенде қосымша 50 мың теңгеге артты.
 
Қала бойынша неврология ауруымен ауыратын 1000-нан астам бала болса, орталыққа 600-дей бала тіркелген.
 
«Балақай» оңалту орталығы ой-өрісі дамуы тежелген, сал ауруы, аутизм, гемипарез, түрлі неврология ауруына шалдыққан 1 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды емдейді.
 
Орталықта невролог дәрігер, емдік дене шынықтыру маманы, массажшы, логопед, психолог, медбике, эрготерапевт, физиомедбике, әкімші және тазалық мамандары, жалпы 20 шақты адам қызмет етеді.
 
«Samruk-Kazyna Trust» қоры «Балақай» оңалту орталығына 40 млн. теңге бөліп, орталыққа қажетті озық елдерде жасалған 25 емдеу-сауықтыру құрал-жабдықтарын алып берген.
Отредактировано · 1 нед.
Фото профиля ozenmunaigaz_ak
«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі орталыққа демеушілік көмек көрсетіп, 3 млн теңге қаражат аударды.
Орталықта жүрісті қалыпқа келтіретін “Mercury med” оңалту кешені, тепе-теңдікті сақтауға үйрететін «Биокинект» стабилометриялық кешені, "Аксион" вакуумдық массажері, қозғалысты реттейтін «AB Hur Oy» пневматикалық жабдығы, атқа мінуді модельдейтін тренажер, “MOTOmed” велотренажері пайдаланылады.
 
Күні бүгінге дейін «Балақай» оңалту орталығында 37 аяғына тұрып, 25 баланың тілі шықты.
 
Белін, мойнын ұстай алмай, отыра алмайтын балалар орталық мамандарының емінен кейін денесін билеп, отыра бастайды. Еңбектеп, орнынан тұрып, аяқты ұшымен басып, жүріп кетеді. Дыбыс шығарып, әріптерді анық айтады. Қолға қасықты, ойыншықты қысып ұстап, аяқ киімінің бауын байлауды үйреніп, түс ажырата бастады.
АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы