Шараға «SAAT Group» ЖШС директоры Азамат Раджапов, персонал жөніндегі маманы Дилбара Мұхамедсалихева, еңбекті қорғау жөніндегі маманы Бәйімбет Қадыров қатысты.
Аталмыш серіктестік директоры үш жарым жастағы Ерасыл Бауыржанның тұсауын кесіп, балапанның қадамына құт тіледі.
Балақайға ұжым атынан ойыншық көлік сыйлап, орталыққа 200 мың теңгелік сертификат табыстады.
Даун синдромы диагнозы қойылған Ерасыл екі жылда 10 курс ем алды. Атасы Бауыржан Еркеғұлов, орталық мамандары «Баланы әкеліңіз, баяу болса да нәтиже көріп келеміз» деп үміт отын сөндірмегенін жеткізіп, алғысын білдірді.