Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақайда» 45-баланың тұсауы кесілді

«Балақай» оңалту орталығында төртінші мәрте емдік шарасын қабылған Әлинұр Түгелбайдың тұсауы кесілді. Екі жарымдағы балапанның тәй-тәй басқан қуанышына «КазПромТехКомпани» ЖШС ұжымы ортақтасты. Аталмыш басқарма жүргізушілері Оңғарбай Аяғанұлы мен Парахад Айтқұлұлы құттықтау сөз алып, ұжым атынан орталыққа қаржылай көмек беріп, балапанға белесебет тарту етті.

Кір тасын көтеруден биыл әлем чемпионы, 2023 жылы Азия чемпионы болған Аманесен Бисенов «баламыздың жолы ақ болсын, еліміздің туын желбіретер азамат болып өссін» деген ақ тілегімен Әлинұрдың тұсауын кесті.


Психомоторлық дамудың кешігуі деген диагнозбен, орталыққа бір жасында келіп ем ала бастаған балақайдың әр қадамына тілекшіміз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы