Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақайда» 46-баланың тұсауы кесілді

Оңалту орталығының білікті дәрігерлері церебральды сал ауруына шалдыққан 8 жастағы Қарақат Жаңабайды аяққа тұрғызды.
 
Балақайдың тұсаукесер рәсіміне «Қазстрой» ЖШС-інің Маңғыстау, Атырау облысы бойынша аймақтық директоры, 2000 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімі болған Жалғас Бабаханов арнайы келіп, игі тілегін жеткізді.

– Қаланы басқарған жылдары бой көтерген Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені күні бүгінге дейін ел игілігіне жарап тұрғаны көңілге қуаныш ұялатады. 20 мың шаршы аумақты қамтитын аталмыш кешен сол кездері облыс бойынша ең үлкен нысан болып саналды. Қарақат баламыздың қадамына нұр бітсін. Елі мен жері үшін еңбек ететін ақылды қыз болып өссін, – деді Жалғас Бисалыұлы.

Қонақ салтанатты жиынға құр қол келмеген екен. Ол аяғы шыққан балапанға қазақ тіліндегі энциклопедия және «үстінде жүгіріп, асыр салып ойнасын» деген ниетте кілем табыс етті.

Ылайым, Қарақат Жаңабайдың өмірі ұзақ та шуақты болғай!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы