Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақайда» 50-баланың тұсауы кесілді

31 желтоқсан 2024

 

«Балақайда» 50-баланың тұсауы кесілді

Жылдың соңғы күнінде «Балақай» оңалту орталығында 50-баланың тұсауы кесілді.

Салтанатты жиынға қатысып, жастан асқан Бегім Дәуітбаеваның тұсауын кескен мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов пен мәслихат депутаты Жалғас Ағысов жылы сөзін айтып, қызымызға белесебет, жаңа жыл тәттісін сыйлады.

– Бүгін біздің отбасы үшін бақытты күн. Жарығымыз, күніміз аяғына тұрып, бізді қуанышқа бөледі. Кішкентайдың өмірі ұзақ та шуақты болғай. Орталыққа қаржылай демеу болып жүрген мұнайшыларға көп рахмет, – деді жүрегі алғысқа толы әжесі.

Әлемді мейірім құтқарады. Баланың аппақ көңілін кірбің шалмасын. Жылан жылы құтты болсын!

 

 

 

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы