Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақайда» 51-баланың тұсауы кесілді

14 наурыз 2025

 

«Балақайда» 51-баланың тұсауы кесілді

 

Құт-берекесімен келген Амал мерекесі күні «Балақай» оңалту орталығында Аюп Асылбек, Аяла Шәріп, Берекет Айтбай деген үш балдырғанымыздың тұсауы кесілді.

№3 Мұнай газ өндіру басқармасындағы №13 Мұнай газ өндіру кәсіпшілігі бастығының орынбасары Асқар Ноғай, аталмыш басқармадағы 4-дәрежелі жұмыс агентін айдайтын сораптар станциясының машинисі Ақмарал Өткелбаева, Су өндіру және тасымалдау басқармасындағы әлеуметтік сұрақтар жөніндегі маман Рзағали Таумұрынов тұсау кесу құрметіне ие болды.

4 жасқа толғанда аяғы шығып, әке-шешесіне тосын сый жасаған балалардың аналары көзіне жас толып, мұнайшыларға алғыс айтып жатты.

Көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созып, орталыққа тұрақты түрде қаржылай көмектесіп жүрген азаматтардың шарапатты ісі ұрпақтан ұрпаққа жететіні даусыз.

Аяғына нық тұрған үш балақайдың өмірі ұзақ та шуақты болғай деп тілейміз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы