Рус

Әлеуметтік әріптестік

«Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамы ұзақ жылдардан бері Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына қолдау көрсетіп келеді. «Өзенмұнайгаз» АҚ және Маңғыстау облыстық әкімдігінің арасындағы Меморандумға сай, жыл сайын Жаңаөзен қаласына 750 миллион теңге, Қарақия ауданына 150 миллион теңге көлемінде қаражат бөліп келеді. Аталған қаржыға тиісті қала, аудандар әлеуметтік-инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік құрылыс қарқынын нығайтуға өз септігін тигізіп келеді.

Мәселен, Ә.Тұяқов атындағы 3000 орындық орталық стадион, Р.Өтесінов атындағы денешынықтыру-сауықтыру орталығы, Жаңаөзен қаласындағы Неке сарайы, Жетібай кеніндегі 50 орындық балабақша, 300 орындық Қызылсай ауылдық мәдениет сарайы, 300 орындық Теңге ауылдық мәдениет сарайы, «Даңқ» аллеясы, «Қосай-Ата» мешіті, Қызылсай ауылдық ақсақалдар үйі, Жаңаөзен қалалық ардагерлер үйі, көп қабатты үйлердің аулаларында 63 дана балалар алаңшасы, жасанды жабындылар төселген 10 дана футбол алаңшасы, «Бостан» ауылындағы 50 орындық балабақшы Компания есебінен салынды.

Сонымен бірге, Компания демеушілігімен Жаңаөзен-Қызылсай, Жаңаөзен-Құланды бағытындағы атвокөлік жолы жаңадан салынды. «Мұнайлы», «Бостандық», «Жұлдыз», «Шаңырақ» шағын аудандары абаттандырылды, аула ішілік асфальттар төселді.

«Кендірлі» жағажайында қала тұрғындарына арнап, ашық жағажай құрылысын салу жобасына қаржылай қолдау жасалды.

Компанияның қаржыландыруымен мұнайшылар қаласында әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарын құруға да ерекше ден қойылып келеді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы