Рус

Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары

«Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамында өз жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше ден қояды. Аталған істі жүйелі түрде іске асыру мақсатында 2009 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту арналған бағдарлама қабылдады.

2009 жылдан қазіргі таңға дейін еңбек жағдайын жақсарту мақсатын 37 тұрмыстық-шаруашылық кешен, 71 блоктық операторлық үйшік, 10 асхана салынды.

"Кендірлі" жағажайында "МРЦ Медикер" орталығында 48 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 1250 орындық, ал Қызылсай кентінде 50 орындық жұмысшыларға арналғанавтостанция пайдалануға берілді.

Бағдарлама аясында «Кендірлі» демалыс аймағынан мұнайшылардың денсаулығын қалпына келтіруге арналған 100 орындық медициналық-оңалту орталығы және мұнайшы балалары үшін 1200 орындық жазғы лагерь ашылды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы