Рус

Веб-порталдан тыс сатып алу

13 шілде, 2026

Жаңаөзен қаласының аумағында тауарлар өндірісін ұйымдастыруға кепілдік беретін әлеуетті инвесторларды (жеткізушілерді) іріктеу үшін тауарлар тізбесіне сәйкес тауарлар өндірісін оқшаулауға бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету мақсатында балама өтінімдер қабы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары үшін Жаңаөзен қаласының аумағында тауарлар өндіруді ұйымдастыруға кепілдік беретін әлеуетті инвесторды (өнім берушіні) іріктеу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес мынаны хабарлаймыз.

«Өзенмұнайгаз» АҚ үшін Жаңаөзен қаласының аумағында тауарлар өндірісін ұйымдастыруға кепілдік беретін әлеуетті инвесторларды (жеткізушілерді) іріктеу үшін тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес тұрақты және ұзақ мерзімді қажеттілігі бар тауарлар өндірісін оқшаулауды ұйымдастыру үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ атына  «Каскор-Машзавод» ЖШС-нің келесі тауарлар өндірісін оқшаулауды ұйымдастыруға өтінім түсті:

1. Сорғы-компрессорлық құбыр СКҚ 60х5-Д тег.

2. Сыртқы жабыны бар ШН-22-8000 сораптық шыбық

3. Сыртқы жабыны бар ШН-19-8000 сораптық шыбық

Осымен, жоғарыда көрсетілген тауар өндірісін оқшаулауға бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету мақсатында өзге әлеуетті инвесторлардың (өнім берушілердің) баламалы өтінімдерді қабылдауының басталғаны туралы хабарлаймыз.

Баламалы өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 10 шілде 10 сағат 00 минутқа дейін.

Өтінімдерді ашу күні – 2026 жылғы 10 тамыз 11 сағат 00 минут.

Ашу хаттамасы қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобы Регламенттің 22-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес өтінімдерді бағалауды жүргізеді.

Өтінімдерді жұмыс тобының хатшысы А. Н. Исбергеновтің n.isabergenov@omg.kmg.kz,  электрондық адресіне жолдау қажет, тел.: +7 (72934) 63324.

Регламент

Тізбе

Тауарлардың техникалық сипаттамалары

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы