Рус

Веб-порталдан тыс сатып алу

23 ақпан, 2024

Хабарландыру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сатып алуды жүзеге асыру Тәртібінің1 73 бабының 1-тармағының 14)2 тармақшасының талаптарына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары үшін Жаңаөзен қаласының аумағында тауарлар өндіруді ұйымдастыруға кепілдік беретін әлеуетті инвесторды (өнім берушіні) іріктеу регламенті (бұдан әрі – Регламент) әзірленді және бекітілді. 

Регламент әлеуетті инвесторларды (жеткізушілерді) іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.

2024 жылғы 16 ақпанда Регламент негізінде «Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Жаңаөзен қаласының аумағында тауарлар өндірісін ұйымдастыруға кепілдік беретін әлеуетті инвесторларды (жеткізушілерді) іріктеу үшін тауарлардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілді.

Тізбе «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 2025-2028 жылдарға арналған бекітілген бизнес-жоспары негізінде қалыптастырылды. Тізбеге «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан тұрақты және ұзақ мерзімді қажеттілігі бар тауарлар енгізілген.

Жобаны іске асыруға өтінімдер Регламенттің 21.2-тармағына сәйкес қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – әлеуетті инвестордан (өнім берушіден) бірінші өтінім түскенге дейін.

Әлеуетті инвестор (өнім беруші) өтінімді жіберген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде веб-сайттарда қабылдау мерзімі хабарландырулар жарияланған күннен бастап кемінде жиырма жұмыс күні болатын баламалы өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырылатын болады.

Өтінімдерді жұмыс тобының хатшысы А. Б. Нұрғалиевтің a.nurgaliyev@omg.kmg.kz электрондық адресіне жолдау қажет, тел.: +7 (72934) 63370.

Қосымшалар:      Регламент, Тізбе, тауарлардың техникалық сипаттамалары.

Регламент

Тауарлар тізбесі

Техникалық сипаттамалар

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы