Рус

Жаңалықтар

МДжӨҚК Басқармасында мұнай дайындау және үйлестіру орталығы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді

Жұмысын 2005 жылдан бастаған үйлестіру орталығының ескірген, тозығы жеткен жабдықтары заманауи талаптарға сай келетін жаңа технологиялық жабдықтармен жаңартылды. Қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, эксплуатациялық шығындарды азайтып қызмет көрсетуге қол жеткізген орталықтың өндіріс саласындағы қызметі жоғары бола бермек.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген орталықтың ашылуына компанияның бас директоры Е.Өтеевтің өзі қатысты. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жүрек жарды тілегін жолдаған басшы орталыққа сәттілік тіледі.

Жаңартылған техникаларды SCADA жүйесіне интеграциялау арқылы барлық технологиялық процестерді және компьютерлік басқару функцияларын қашықтан басқаруға қол жеткізген ұжымның табысы молая бермек.   

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы