Рус

Өндіріс

«Өзен» кенорны 1961 жылдың 15-желтоқсанында ашылды. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы «Өзен» және «Қарамандыбас» кенорнындарын игерумен шұғылданып келеді. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына қарасты мұнай өндіретін және оған қызмет көрсететін барлығы 16 басқармадан тұрады.

Қазіргі таңда өндірісті модернизациялау жобасы іске асуда. Аталған жоба аясында Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностикалау цехы пайдалануға берілді. Жерасты жабдықтарын кешенді түрде жөндеуден өткізетін цех заманауи технологияның ірі жетістігі болып табылады.

Мұндай кешенді жоба ТМД елдерінде алғаш рет жүзеге асып отыр. Жаңа цех жылына 400 мың дана сораптық-компрессорлық құбыр, 300 мың дана сораптық штанга, 10 мың дана тереңдік сорапты жөндеуге, диагностикалауға толық мүмкіндігі бар.

Сонымен бірге, 2017 жылы Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностикалау цехы жанынан құбырларды, сораптарды, шыбықтарды жуып-тазалауға арналған ванна, жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында тұрмыстық-шаруашылық кешен ашылды. 

Модернизация жобасы аясында мұнан өзге Ұңғымаларға тұншықтыру сұйықтығын дайындау цехінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, екі жанармай станциясының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. «ҚазГӨЗ» ЖШС жанында 1 дана АГЗ станциясы қолданысқа берілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу базасы ашылады. Заманауи базаның бұл түрі Қазақстандағы мұнай компанияларының арасында алғаш рет салынып отыр. Базаға қажетті станоктар Германия, Болгария, Ресей елдерінен алынды.

Кәсіпшілік жолдарын жаңарту 2017 жылы жалғасын тауып жатыр. Осы жылы 16 шақырым өндіріс аралық жол жөнделуде.   

Компаниядағы автопаркті жаңарту мақсатында 2016-2020 жылдар аралығында 646 бірлік арнайы техника алу көзделген. 2016 жылдың аяғында 50 арнайы техника алынса, 2017 жылы – 124, алдағы жылдары 472 бірлік автокөлік жаңарту жоспарланып отыр.

Жаңа әдісте геологиялық қорды нақтылау, Қабат қысымын сақтау жүйесінде қолданылатын суды дайындау, химияландыру арқылы қиыншылықтармен күрес, мұнайды судан алдын алу айыру қондырғыларының жүйелерін жаңарту, автокөлік пен арнайы техникаларды жаңалау және 1000 орындық автосервис құрылысын аяқтау, скважиналардың жөндеу аралық кезеңді ұзарту стратегиясы, автономды газдытурбиналық энерго станциясы, автоматтандыру жүйелерін жаңарту секілді ірі стратегиялық жобалар топтастырылған Компанияның даму концепциясы қабылданды.

Даму концепциясын іске асыру барысында И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай газ институты, Шелл және Eni компаниясының мамандарымен өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүріп жатыр. 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы