Рус

Жаңалықтар

Ковид туралы хабарлама

Елдегі эпидемиологиялық ахуал әліде толастай қойған жоқ. Қазақстан бойынша өткен тәулікте 7 798 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы анықталды. «Қызыл» аймақтағы Маңғыстау облысында өткен тәулікте 213 адам қауіпті індетті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Жалпы еліміз бойынша ауырғандар саны 672 322 адамға жетті.

Қазіргі таңда, Жаңаөзен қаласы бойынша 221 адам қауіпті дертті жұқтырғаны анықталып отыр. Атап айтқанда 96 адам ковид, пневмониямен ауырғандар 125 ке жетіп отыр. 16-науқастың жағдайы ауыр, 2-еуі аса ауыр.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша 65 мұнайшы коронавирустық инфекциямен аурып, Оның ішінде 5 науқас ауруханада емделуде, қалған 60 адам үй бақылауына оқшауланды. Пневмония диагнозымен 26 адам тіркеліп, 22-сі үй бақылауына шығарылып, 4-еуі ауруханада емделуде. Өкінішке орай, пневмониямен ауырған 1 әріптесіміз 11-тамыз күні өмірден озды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша ковидке қарсы вакцинаның 1-компонентін 1090 адам, 2-компонентін 478 адам алып отыр. Сақтық шараларын сақтап, өз өмірімізге және жақындарымыздың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы