Елімізде, заң тұрғысында болып жатқан оң өзгерістерге, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу, ауыздықтау, алдын алу және жемқорлықты жою жолдары жатады.
Елімізде, заң тұрғысында болып жатқан оң өзгерістерге, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу, ауыздықтау, алдын алу және жемқорлықты жою жолдары жатады.
Осы тұрғыда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заң талаптарына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, көптеген салалар қамтылған. Оның ішінде квазимемлекеттік секторда өз орнын тапты.
Жалпыға мәлім, квазимемлекеттік сектор субъектілері дегеніміз: - бұл мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.
Демек, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында квазимемлекеттік сектор субъектілері қатарына жатады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу, жою мақсатында, сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заң талабы негізінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының еншілес ұйымының бірі «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында Комплаенс қызметі ашылып, жұмысын жасауда.
Комплаенс ұғымына түсінік беретін болсақ бұл заңдарды, қағидаларды, саясаттарды және стандарттарды сақтау дегенді білдіреді. Комплаенс қызметі ең алдымен әлемдегі озық тәжірибеге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен байланысты. Іс жүзінде комплаенс мекеме қызметінің кәсіби тәжірибесімен, этикасымен, заңдық талаптары және басқа да нормалары мен, ұйымды имидждік және басқа да материалдық шығындарға әкеліп соғатын тәуекелдікті азайту және болдырмау мақсатындағы сәйкестікті білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, соның ішінде АҚШ және Еуропа елдерінде бұл термин едәуір уақыттан бері қолданылып келеді, ал Қазақстанға қарасақ комплаенс термині еліміздің нарығында жаңа пайда болған ұғым.
Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап жоғарыда атап өткендей «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында Комплаенс қызметі өз жұмысын бастады.
Қызметтің негізгі мақсаты тиісті квазимемлекеттік сектор ұйымының және оның қызметкерлерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы мен оның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген заңның талаптарын орындау мақсатында «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Компанияның комплаенс тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстартары жүргізіліп, нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ішкі құжаттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Қазіргі таңда, жаңадан құрылған Комплаенс қызметі Компаниямыздың бас директорымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес,өз қызметін атқаруда.
Ерекше атап өтетін жайт, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметіне қатысты заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтарды уақытылы анықтау және алдын-ала болдыртпау, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді анықтау мақсатында жедел байланыс желісі іске қосылды.
Жедел желі тәуелсіз оператор компаниясымен қызмет көрсетіледі және келесі қағидаттар бойынша жұмыс істейді:
- құпиялылық және анонимдік (өтініш берушінің талабы бойынша);
- компанияның жауапты тұлғаларына кейіннен ұсына отырып, хабарламаларды 100% тіркеу және өңдеу.
Хабарламаларды барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады:
Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу, алдын алу және жою әр саналы азаматтың парызы деп есептеймін.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер анықталған жағдайда жоғарыда көрсетілген жедел байланыс желісіне (горячая линия) хабарлап айтуға мүмкіндік бар.
«Өзенмұнайгаз» АҚ
Комплаенс қызмет жетекшісі
А.Е. Оразов