Рус

Жаңалықтар

Светқали «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды

«Мұнайшы» мәдениет сарайында феномен ақын Светқали Нұржанның шығармашылық кеші өтті.

Халық оны былық-шылықты білмейтін, стандартқа сыймайтын тура кісі ретінде таниды.

Қазақ қоғамына қазіргі күні жетпей жүрген не? Әрине, отаншылдық. Отаншыл патриотизм...Ақын өлеңінен отаншылдықтың иісі аңқып тұр. Жан-дүние сұлулығы да, батырлық та, ерлік те, адамгершілік те ең алдымен әркімнің өз ұлтын сүюінен басталатыны сөзсіз. Светқали өлеңдері дүние-байлықты қолына емес, көкірегі мен санасына жинаған елдің ұрпағы екендігіңді есіңе түсіреді...

Шығармашылық кеште сөз алған қала әкімі Мақсат Ибағаров Светқалидың адамзат тарихындағы ерекше құбылыс екендігіне тоқталып өтіп, ақынға «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады. Кеште Айгүл Құбаш, Есенбай Құли, Дәмегүл Ізбасаровалар ақын сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқап, балдырғандар ақын өлеңдерін оқыды.

Рухани кеш көпшілік көкірегіне күш құйып, көңілдеріне қанат бітірді. Ақыл-санасы уланбаған, көкірегінің көзі бар Светқали сияқты патриот ақындармен жастар жиі кездесіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы