Рус

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке өткен жылға баға беріп,  болашаққа тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін сәт.

Барша адамзат жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен қадам жасағанды қалайды. Біз осынау мерейлі мереке қарсаңында қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Мұнай саласында серпінді жұмыстар жүргізілді. Жасампаз жобалар жүзеге асып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артты. Бұл жобалардың жүзеге асуына мұнайшылардың қосқан еңбегі аса зор.

Өзенмұнайгаздықтардың ынтымағы мен бірлігінің және еңбекке деген құштарлығының арқасында өңіріміздің дәулеті мен сәулеті артып, әл-ауқатымыз жылдан-жылға жақсаруда.

Жаңа жыл еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа шуақты шаттық әкелсін! Сiздердi Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн! Жаңа жылымыз табысты, еңбегіміз жемісті болғай!

Құрметпен,  «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы